Меню KDT

Профориентация




























Виртуальная экскурсия «Калейдоскоп профессий»









КГУ «Машиностроительный колледж г.Петропавловска»

Как школьники будут сдавать ЕНТ в 2021 году

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

Буклеты:

биология кафедрасының буклеті 2020

Буклет ГЭ қазақша-2020

буклет ХиХТ 2021 каз

буклет ХТОВ 2021 каз

МиИ каз

Физика каз
 









2021 жылдың 3 ақпаны  күні,  біздің мектеп қабырғасында, 11 сынып оқушыларымен  «ҚР Баримбек Бейсенов атындағы Қарағанды ІІМ академиясы» өкілдерімен кездесу өтті. Бұл оқу орнынан келген өкілдер  оқу орны туралы  толық баяндап берді. Академияда екі оқу корпусынан , алты дәріс беру залдарынан , 30 оқу аудиториясынан ,36 оқу-тәжірибе кабинеттерінен  және екі үлкен жатақханадан  ,650 орынға арналған асханадан тұратынын айт. Бұдан басқа академия алаңында екі үлкен спорт комплексі , бассейін және стадиондармен жабдықталған.

         Оқуға түскен талапкерлерге тегін тамақ , киім және жатақханадан орын беріледі. Оқуды аяқтағаннан кейін полиция лейтенанты атағын алады  және де 100 пайыз жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Осы жылдың 4 ақпан  күні 9-сынып оқушыларымен қаламыздың байырғы колледжінің  бірі « Солтүстік Қазақстан  кәсіптік-педагогикалық колледж» өкілімен онлайн режимінде кездесу өтті. Осы колледждің ұстазы Бақыткүл  Болатқызы Басыгарина оқу орнының тарихымен таныстыра келе , қандай мамандық таңдау керектігін тілге тиек етті. Аталмаш оқу орнынан шыққан қаламызға танымал адамдар жайында да сөз қозғады. Әр мамандыққа жеке-жеке тоқтала кеткен ұстаз , осы оқу орнына түсуге шақырды. Кездесу соңында оқушылар сұрақтар қойып ,өздерін қызықтырған мамандықтары жайында мағлұмат алды.













ЕНТ_2020_МАРТ


 

Абитуриент 2020 года
_____________________________________________

   Информация для поступающих:

  1. Северо-Казахстанский государственный университет им. М. Козыбаева, ссылка на сайт http://www.nkzu.kz/page/view?id=69
  2. Петропавловский колледж искусств, ссылка для просмотра https://youtu.be/PWaMbnjs9Dw
  3. Северо-Казахстанский колледж профессиональной подготовки и сервиса
  4. Колледж сферы обслуживания города Петропавловска им. И.Даутова
  5. Кызылжарский аграрно-технический колледж
  6. Машиностроительный колледж города Петропавловск
  7. Петропавловский строительно-экономический колледж
  8. Северо-Казахстанский профессионально-педагогический колледж
























 
















 





СКО специализшкола-инт-колледж олимпийского резерва презентация

Таиншинский колледж агробизнеса презентация

Агротехнический колледж Саумауколь презентация







Куда поступить абитуриентам: СКГУ им. М. Козыбаева
 https://www.7152.kz/news/2746334/kuda-postupit-abiturientam-skgu-im-m-kozybaeva





Мамандандырылған «Арыстан»  лицейі


Мектебімізде Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты Бесқайнар елді мекенінде орналасқан, мамандырылған «Арыстан» лицейінің өкілдерімен кездесу өткен болатын. Кездесуге мектебіміздің  8-9 сыныбының ер балалары қатысты. Лицей өкілдері кандидаттарды іріктеу кезеңдері және қандай пәндерден тест тапсыратындықтарымен таныстырды. Оқу орнын бітіргеннен кейін, қай жерлерде қызымет жасауға болатынын да айтып өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

 

Қабылдау ережелері


Жоғалып бітетін мамандықтар жайлы

Технологиялық процесстер бір орында тұрмайтыны белгілі – жыл сайын жаңа инженерлік жүйелер шығып, ескілер қайта құрастыруға кетіп жатыр. Адамның өмір сүруіне жыл сайын мінсіз техника өмірге келеді, кетеді. Дәл осындай белсенді өзгерістер кезінде адамзат кейбір мамандықтарды «ұмытуға» тура келеді. Және заман ағымына ешкім де қарсы келеді алмайды... Стратегиялық бастамалар агенттігі (АСИ) еңбек нарығын сараптай отырып, келер онжылдықта жоғалып кететін мамандықтардың тізімін жасапты. Ендеше, 2020 жылы «өлетін» мамандықтар тізімін ұсынайық:

Кітапханашы. Кітапханашы, құжат толтырушы, мұрағатпен жұмыс істейтін мамандықтар интернеттің келуіне, дамуына байланысты жоқ болуға айналады. Интернет арқылы адамзат баласы жер бетіндегі қандай да бір нүктесінен жылдам хабар ала алатын болды.

 Копирайтер. 2020 жылға дейін дәл қазіргідей копирайтерлер саны көп болмайды. Сарапшылардың айтуынша, мәтіндік базаға жалғанған компьютерлік заманауи бағдарламалар белгілі бір жанрларда мақала-жазбаларды көруге, іздеп табуға мүмкіндік береді.

   Турагент. Жыл сайын демалушы жұрт турагенттерге артық ақша бергенше өз уақытын тиімді пайдаланып, қонақ үйлерді жеке түрде жалдап, тіпті қай ұшаққа билет алу керектігін біліп алды. Оның үстіне мұның бәрін де интернет арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі туды. Бұл жағдай турагенттіктердің беретін салығынан құтылуына сеп болып отыр.

Стенографшы. Заманауи технологиялар дауысты өз бетінше танып, әңгіменің мәтіндік нұсқасын автоматты түрде жаза алатын болды. Осы себепті де, сарапшылар, келер үш жылдың ішінде стенографшы еңбегінің маңызын жоғалтпақ дейді.

 Лектор. Техникалық үдеріс лекторларға да қауіпті. Қандай да бір пайдалы ақпаратты интернеттен алуға болады. Оны қойсаңыз, әлемнің үздік ЖОО-лары қазіргі таңның өзінде онлайн-курстарын жарыса ұсынып жатыр (кейде тіпті тегін!). Айтпақшы, агенттіктің хабарлауынша, лекцияларды дыбыс жазу құралдарына жазып отыру тыңдаушыларға мотивация болмағандықтан зиян болуы мүмкін дегенді де айтып отыр.  

 Пошташы. Хат алмасу жаңа ғасырдың басынан-ақвиртуалды қалыпқа енді. Интернет арқылы қазіргі кезде дер кезінде хат алмасуға мүмкіндік туды. Тіпті сурет пен құжаттарды ғаламдық желі арқылы тасымалдауға мүмкіндік бар. Ал дәстүрлі хат жолдау ісін қазірде логистикалық агенттіктер атқаруда. Бірақ мамандар пошташы мамандығы болашақта да болуы мүмкін, бірақ олардың саны күрт азаяды дейді.

Лифтер. Лифтті жөндеу және қызмет көрсету жүйесі жыл өткен сайын автоматтандырылуда. Таяу болашақта лифтінің басқару жүйесі толықтай компьютер жүйесіне айналатын болады екен.

 Call-орталықтар операторы. Әрбір мекеме немесе компания болсын, онда телефон соққан адамға бірінші кезекте автожауапбергішпен «сөйлесуге» тура келеді. Мәселен, осы жүйе арқылы түрлі операцияларды автоматты түрде орындай беруге болатын болса оператордың қандай көмегі керек болсын?

Билет сатушы маман. Билет сатушы маманға деген сұраныс автоматтандырылған сканерлер келуіне орай 2018 жылы түбегейлі жоғалып кетпек. Тіпті олар ұшаққа отырғызу маманын да, театрға кіру билетін тексеретін маманды да шеттетпек екен. Мұндай сканерлер жол бекеттеріне, әуежайларда, кинотеатрларда, спорт кешендерінде және тағы да басқа жерлерге қондырылмақ екен.

Тігінші. 3D-басу аппараттарының арзан түрлерінің өзі бүгінде адамдарға өз киімін өздері тігіп алуға мүмкіндік жасап отыр. Аяқ киімді де дәл осылай тігуге болады-мыс. Жаңа технология тігін фабрикаларының жаппай жабылуына сеп болуы әбден мүмкін. Ал мамандар бұл мамандықтың жойылмайтыны, азайса да олар тек ең қымбат делінген киімдер дайындауға керек болатынын ескертеді.


Қоғамға қажетті мамандық қандай?

ҰБТ жақындап араларыңыздағы кейбір оқушылар қай мамандыққа барарын анықтай алмай жүрген де болар. Ендеше, мамандық таңдау сатысында тұрғандар үшін аналитиктердің болашақта ең қажет етіледі деп тапқан 10 мамандығымен таныстырып өтейін.

·  Инженерлер. Қазірдің өзінде көп елдерде мықты инженерлердің жетіспеушілігі байқалады. Елдің өндіріс пен техника саласында дамуында бұл мамандардың орны ерекше.

· IT саласының мамандары. Әрине, бұл саланың адамдары біздің өмірімізге өте көлемді тамырын жайып үлгерді. Бірақ, бұл болашақта IT саласының мамандары көбейеді деген сөз емес. Өйткені, күнделікті өміріміз ақпараттық технологияларға барынша бейімделіп жатқан соң бұл мамандар қанша көп болса сонша жақсы болып тұр.

· Нанотехнология саласының мамандары . Әлемдік эксперттердің болжауынша, нанотехнология саласы болашақта ғарыш, машина жасау, тамақ өндірісі, медицина сияқты ірі салаларда үлкен рөл ойнайтын болады. Сондықтан бұл саланы таңдасаңыз өкінбейсіз деп айта аламыз.

· Электроника және биотехнология мамандары. Бұл салалардың әлемдік сахнада өзіндік үлкен орны бар. Болашақта жаңа қуат көздері, электроникалық жаңалықтар мен жүйелер, малекулярлық медицинада өз еңбегіңізді сіңіргіңіз келсе аталған мамандық сіз үшін.

· Маркетологтар.  Маркетологтар жұмыс басқару, бизнес, шаруашылық, тіпті мемлекеттік жүйеге өте қажетті болған, болып жатыр және бола бермек. Болашақта өндіруші мен тұтынушының ортасындағы ортақ көзқарастармен тығыз жұмыс жасап жетістікке жетуде бұл мамандардың ерекше орны болатыны сөзсіз.

· Қызмет көрсету бойынша мамандар. Адам баласы күннен күнге көбеюде, елдердің жағдайы жақсаруда. Уақыт өткен сайын қызмет көрсету бойынша сапаның жақсарғаны олар үшін ең басты нәрселерден бірі. Батыс елдері мен АҚШ-тың өмір сүру қалпына қарап оларға деген сұраныстың күн сайын артып жатқанын ұғуға болады

· Логистер. Мемлекетті әлемдік нарықпен интеграция жасауда бұл мамандардың қажеттілігі айқын көрінеді. Өнімдерді шетке шығару мен ішке кіргізуде, халықаралық және ішкі тұтынушылар іздеуді жоғарғы сапада атқаратын мамандар тапшы болғандықтан, дәл қазір әлемдік нарыққа шығудағы "қазанымыздың" бір құлағы кем болып тұр.

· Экологтар. Қалалар үлкейіп, өндірістер көбейген соң әрине, өте үлкен экологиялық мәселелер пайда болуда. Оларды шешу үшін жоғарғы дәрежелі мамандар қажет-ақ. Үлкен қалалардағы кептелістер т.б. мен адам өмірінің ұзаруы бойынша экологтардың жоғары үлесі болады деп күтілуде

· Дәрігерлер. Адам адам болғалы бері ол — ауырады, өміріне қауіп төнеді. Бұл процесc тіршілік біткенше жалғасатыны сөзсіз. Сондықтан дәрігерлерге нан мен суға зар болар күннің ауылы өте алыс десек те болар.

Химиктер. Әрине, мұнай сарқылатын өндіріс көзі болғандықтан, болашақтағы химиктердің негізгі міндеті алтернативті өндіріс пен энергия көздерін табуда болып тұр. Бірақ қазірдің өзінде жақсы химиктеріміз болмағандықтан мұнайды өз ішімізде өндіре алмай отырмыз.
 

Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар беру

 Қазіргі уақытта, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар жұмысын үйлестіру үшін тәжірибе ретінде қалаларда, аудандарда кәсіптік бағдар беру орталықтарын құру қайта қолға алынып отыр.

Сонымен, алдағы уақытта халық шаруашылығының мамандар жөніндегі қажеттерін, өндірістік оқудың материалдық базасының мүмкіндіктерін, қалалық және ауылдық мектептердің мүмкіндіктерін ескере отрырып, мектеп оқушыларын еңбекке баулудың профильдерін, оқушылардың қоғамдық пайдалы және өнімді еңбегін өз дәрежесінде ұйымдастыру, олардың мақсаты,мазмұнды болуын, сөйтіп, жалпы білім беретін орта мектеп түлектерін дер кезінде еңбекке орналастыру тәрізді жауапты міндеттер тұр.Қазіргі кезде саны бар сапасы жоқ оқу орындары да көбейіп білім сапасын төмендетіп жіберді. Сонымен қатар мектепті он екі жылдыққа көшіру мәселесі көптеп қолға алынып жатыр. Сол үшінде мектеп қабырғасынан жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарына мықтап көңіл бөлуді қажет етеді. Әрбір оқушы мектеп қабырғасын бітірісімен сұранысты айқындайтың маман болып жатса.Қазіргі заманымызға байланысты оқушыларға білім беру, сонымен қатар олардың кәсіптік бағдарын айқындау қажетті болып отыр. Өйткені, оқушы мектеп бітірісімен ол мамандық таңдап, оқу орнына түскісі келеді. Осындай жағдайда олар қаншама мамандық ішінен өзіне керегін таңдай алмай адасады. Сол себептен де оқушылардың мамандық таңдауында оларға бірден бір көмекші оның сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, ата-аналары болмақ. Ал енді сол кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізуде қандай жағдайларды ескеру керек? Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 3 бабында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдалран негізгі принциптерінде: «Оқушыларды кәсіптік бағдарлау» принциптері қамтылған. Қазіргі заманымызда оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру әрбір ұстаздардың алдына қойған басты мақсаты деп ойлаймыз. Ал енді білім мен тәрбие беру мен қатар оқушыларға кәсіптік білім беру көптеп қолға алынып жүр. Оқушылар мектеп бітірісімен белгілі бір кәсіп иесі болу керек. Бірақ оны іске асыру үшін және кәсіптік мамандық игермес бұрын кәсіптік бағдар жұмыстарына үлкен-көңіл бөлу қажет. Себебі оқушының кәсіптік ынтасын, икемділігін білмей кәсіпке баулу мүмкін емес. Осы кәсіптік бағдар жұмыстарын не үшін жүргізу қажет? Қалай жүргізуте болады? Нәтижесінде нені көруге болады? Осы сүрақтарға нақтылы жауапты төмендегі зерттеу жұмыстарының нәтижесінен байқауға болады.Қазіргі таңда мемлекеттің басты проблемаларының бірі -бұл білім, сол білімді сапалы меңгеру үшін мектеп кезеңінен бастап кәсіптік бағдар жұмыстарының жүргізілуі, яғни оқушылардың кәсіптік бағдары. Мектеп бітіруші оқушылардың мамандық таңдауы олардың басты мәселесі. Оның мамандықты дұрыс таңдауы қоғамға да, өзіне үлкен пайда келтірмек.Кәсіптік бағдар көптеген сұрақтарды қамтиды, соның ішінде; әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, психология-педагогикалық, медициналық физиологиялық және танымдық сұрақтарды қамтиды. Мамандықты дұрыс таңдамау, кәсіптік бағдар жұмыстарының бұрмалануынан оқушылар мамандықтан жалыға бастайды. Бұл өзінің таңдаған мамандығына қанағаттанбауынан, мамандықты, жұмыс орнын аустыруына әкеліп соғады, жұмыстың ауысуы, жұмысшыны қайта даярлау - бұл мемлекеттің, кәсіпорындардың және оның өзіне экономикалық шығынға түседі.

Жалпы білім беретін мектептерде жоғарғы сынып оқушыларының кәсіптік бағдарын бақылау, болжау және түзетулер енгізу Республикадағы нарықтық қатынастарды реттейді оқушылардың мамандықты дұрыс таңдауына және қазіргі кездегі еңбек ресурстарындағы өнімді күштерді айқындайтын болады.Қоғамдағы қайта дайындау міндетті түрде жастардың еңбекке деген мотивациясын, болашақ іскерлігін таңдауын өзгертеді. Сонымен қатар қазіргі таңдағы қатынастар олардың кәсіптік-квалификациялық құрылымдарының өзгеруіне басты себепкер болады. Республикамыздағы экономиканың өсуі, әр-түрлі кәсіпкердік жаңа басқа да мамандықтардың шығуына байланысты еңбек рыногында бәсекелестік жүріп жатыр. Жастардың мүмкіндіктеріне, белгілі бір мамандыққа қызығушылығына қарай оларды жұмысқа орналастыру проблемасы тұр. Оқушылар мектеп қабырғасын бітірісімен сұранысты айқындайтын маман болуы қажет. Проблеманың бұл жерде шығуы, бітірушілер өздеріне қажетті мамандықты таңдай алмауында. Қазіргі кездегі қоғамдағы жұмысшы мамандыққа бағдар беру, яғни қоғамның сұранысын айқындау.
Проблеманың қазіргі кездегі жағдайда байланысты туындайды, яғни оқушылар таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істеуі оның жақсы маман болуы. Оның таңдаған мамандығының қазіргі кездегі сұранысқа еңбек нарығында сұранысқа ие болуы.Тақырыптың практикалық көкейтестілігі оқушылардың кәсіптік бағдар жұмыстарын бақылау, болжау және түзету модельдерінің психология-педагогикалық жеткіліксіз (өңделмеуіне) қаралмауына негізделеді.

Жүктеп алу сілтемесі: 5 пән

Мектеп директоры Бұлбұл Ахмадиқызы

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц203
  • За неделю41
  • Вчера2
  • Сегодня0
  • Онлайн:0