Меню KDT

БЛОГ ДИРЕКТОРА

Бұлбұл Ахмадиқызы
   Әр адамның өмір белесіндегі негізгі кезеңдердің бірі — мектепте өткізген күндері.
Адамның адам болып қалыптасуында осы кезеңнің маңызы зор болып табылады. Біздің мектеп қуанышты күндер мен күнделікті қарбалас күндерге толы, бірақ ең негізгісі бізде салт — дәстүрлеріміз сақталған. Оқушылар үшін өнер орталығы жұмыс атқарады, оған хореография, музыка, вокал, театр, ақындар сыныбы енеді, сонымен қатар мектепте спорт кешені, бассейн жұмыс істейді, қысқы бақ бар.
 
Жаңа заман — оқыған, білімді азаматтарды талап етеді. Бүгінгі таңда білім көп жағдайда сұранысқа ие. Ал бұл сұраныс ғылым мен техниканың қарқынды дамуына байланысты. Сондықттан әр оқушының бойында бүгінгі заман талабына сай негізгі білім негізін қалаған дұрыс.
 
Біздің мектеп-гимназия қоғамға құшағын айқара ашуда. Сайтта мектеп тынысымен танысып, біздің жетістіктеріміз бен жеңістерімізге қуанып, оқушылармен бірге қызықты сабақтарды, интеллектуалды сайыстарды, іс-шараларды тамашалауларыңызға болады. Берілген сайт парақтарында біздіңмектеп туралы толық ақпарат алуларыңызды ұсынамын. Біз үшін мектебіміз және сайт туралы сіздің пікіріңіз құнды.

Мектеп директоры Бұлбұл Ахмадиқызы

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц203
  • За неделю41
  • Вчера2
  • Сегодня0
  • Онлайн:0