Меню KDT

Адал ұрпақ


Адал ұрпақ презентация





Адал ұрпақ тобының "Өз елінің патриоты сыбайлас жемқорлық жасамайды" тақырыбында өткізген сұхбаты











 
Қыркүйек айында Адал ұрпақ ұйымының оқушылары  «Жемқорлық індет жою міндет»  тақырыбында шағын видеоролик түсірген болатын.  Бұл видеоны түсірудегі мақсатымыз қазіргі қоғамда болып жатқан күрделі мәселелердің бірі  пара берудің алдын алу болды.



14 қаңтар күні  Адал ұрпақ клуб мүшелерімен «Жемқорлыққа жол жоқ » тақырыбында пікір-сайыс өткізілді.  Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.





«Адал ұрпақ пен Жас Ұлан » ұйым оқушыларының қатысуымен мектеп президентін сайлауы өткізілді. Сайлауға үміткер ретінде 9-10 сынып оқушылары қатысты. Мектеп ұстаздары мен оқушылары сайлауға белсене ат салысты.




 
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп тобының мақсаты мен міндеттері
 
Қазақ мектеп-гимназиясында тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатан сыбайлас жемқорлыққа қарсы топ  «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы құрылды. «Адал Ұрпақ» клубының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының жоспары құрылып, бекітілді.

Ұйымның құрылу мақсаты:

Жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен жауапкершілік, патриоттық сезімдерін қалыптастыру болып табылады.

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп тобының негізгі міндеттері:
 
  • 1) мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру,
  • 2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу,
  • 3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
  • 4) «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы келесі секциялардан тұрады:
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат
  • және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар.
 
Адал ұрпақ ұйымымен бірлесе отырып өткізілген іс-шаралар
 

Қазақ мектеп-гимназиясында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал ұрпақ» ұйымымен және 7-9 сынып оқушылары арасында  «Санаңды сақта жас ұрпақ» акциясы өтті.

2019 жылғы 20 наурыз күні 9 сыныптар арасында «Жемқорлықпен қалай күресеміз»  атты бірыңғай жемқорлыққа қарсы сағат өткізілді. Жалпы 78 оқушы қатысты.

Акцияның өту мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру.




 
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу біріңғай сағаты»
 
2017 жылғы 29 қараша күні мектебімізде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу біріңғай сағаты» атты іс-шара ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің бас маманы Амангелді Есмағзиұлы Сатанов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша оқушыларға дәріс оқыды. Қазақстан егемендік алған кезден бастап Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясаты арқасында, жемқорлықпен жаппай күресу саясатын мақсатты түрде жүзеге асыруда көптеген іс-шаралардың жүргізіліп жатқандығы жайлы түсіндіре айтты. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жолындағы заңдарды атап өтіп, әр заңға жеке- жеке тоқталып, талқыға салды. Оқушылар қызығушылық танытып, өздерін мазалап жүрген сұрақтарына жауап ала алды. Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара алу, не беру, парақорлыққа делдал болу туралы пікір алмасып, түйінді ойлар айтылды. Сонымен қатар, әлемдегі мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазалау шаралары жайында сөз қозғалды. Дәріс соңында бейнеролик көрсетілді.






 
Жемқорлыққа қарсы мәдениет бойынша сынып жетекшілермен дөңгелек үстел.
 
2019 жыл 18 қаңтар  күні  «Жеткіншектер мен жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ерекшеліктері» тақырыбында сынып жетекшілермен  дөңгелек үстел өтті. Тақырып бойынша дәріс оқылып, сынып жетекшілер ұсыныс, пікірлерін айтып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.





10 сәуір күні  ерікті  «Адал ұрақ» клуб мүшелерімен 8-10 сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлық дерті» тақырыбында пікір-сайыс өткізілді.





Адал ұрпақ ұйымынан, ата-аналардан және 5-7 сыныптар аралығындағы оқушылардан «Жемқорлықпен қалай күресеміз?» тақырыбында сауалнама алынды.








 
«Адал ұрпақ» ұйымының 2018-2019 оқу жылында қабылданған оқушылар тізімі.



 

Мектеп директоры Бұлбұл Ахмадиқызы

Опрос

В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

Голосовать

Статистика

  • За месяц203
  • За неделю41
  • Вчера2
  • Сегодня0
  • Онлайн:0